$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстауда шенеуніктер заңсыз жер телімдерін сатқан

Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен отырыста айтылды.

Мұнайлы және Түпқараған ауданының бірқатар шенеуніктері заңсыз жер сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен отырыста айтылды. 

Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылының бұрынғы әкімі және орынбасары, сәулет құрылысы бөлімінің басшысына қатысты мемлекеттік жер телімдерін заңсыз иелену аясында 8 қылмыстық іс қозғалып, аталған тұлғалар айыпталды. 

Сонымен қатар, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылының бұрынғы әкімі және жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметтерін асыра пайдаланып, 180 жер телімін заңсыз сатып, мемлекеттке 1,5 млрд теңге шығын әкелген. 

Түпқараған ауданы сотының үкімімен аталған тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 1-бөлігі және 369-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Маңғыстау