ҰҚК 18 адамнан құралған аса қауіпті қылмыстық топты қолға түсіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, bugin.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыстық топ мүшелері ақбөкендердің мүйізін Қытайға саудалаумен айналысқан. 9 күдікті соттың санкциясы бойынша қамауға алынды. Тінту барысында олардан 1 тонна, 118 келі бөкен мүйізі табылған.
«Бұл кемі 3 мың бөкенді атты дегенді білдіреді», - деп хабарлайды құқық қорғау органдары.
Сарапшылардың есебі бойынша, қылмыстық топтың мемлекетке келтірген зияны – 5 млрд 664 млнға теңгеге тең.
Сондай-ақ, түз тағыларын аяусыз жаусатып салған қаскөйлердің ұсталғаны жөніндегі бейнероликті журналист Айдос Жұқанұлы өзінің facebook парақшасына жүктеді. Мәселенің мән-жайын толығырақ осы видеодан білуге болады.