Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйінде көлік жүргізген және мал ұрлаған адамдарды қатаң жазалауды тапсырды. Бұл туралы Президент Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет», - деп жазды ол.