$ 498.34  519.72  4.85

Бағдат Мәнізоровтың қызметінен босатылмайтыны хабарланды

Мәнізоровтың аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен үйқамақта отырғаны белгілі болды.
Фото: Inbusiness.kz
Фото: Inbusiness.kz

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі әкім орынбасары Бағдат Мәнізоровтың қызметінен босатылмайтынын хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Мәнізоровтың еңбек демалысы 1 қараша күні аяқталады. Оның ары қарай жұмыс істеп, істемейтінін өзі шешеді. Қандай жағдайда да Мәнізоров біздің штатта және басшылық оның жұмысына оң баға береді. Қызметінен босатылмайды", - делінген облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдемесінде.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың қыркүйек айының соңында ұсталғаны туралы ақпарат тарап, кейін бұл мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растаған болатын. Арада біраз уақыт өткенде Мәнізоровтың аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен үйқамақта отырғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары