$ 487.37  532.94  5.09

Ақмола облысында танысын буындырып өлтірген 49 жастағы ер адамға сот үкімі оқылды

Аталмыш соттың үкімінде көрсетілгендей, Ерейментау қаласының көлік сатып алған ағайынды екі тұрғыны танысымен қосылып арақ ішеді.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Ақмола облысында танысын буындырып өлтірген 49 жастағы ер адам 9 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап. 

Аталмыш соттың үкімінде көрсетілгендей, Ерейментау қаласының көлік сатып алған ағайынды екі тұрғыны танысымен қосылып арақ ішеді. Кейін ағайындылардың бірі мен танысының арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласады. Осының салдарынан 49 жастағы ер адам танысын көліктін қауіпсіздік белдігімен буындырып өлтіріп, Ерейментау қаласының маңындағы көпірдің үстінен лақтырып жебереді. 

«Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ер адам ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталушы марқұмның отбасына 780 000 теңге көлемінде материалдық және 1 млн теңге моралдық шығынды өтеуге міндеттелді. Сот үкімі күшіне енген жоқ», - дейді ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары