Заң 05.11.2019 сағат 16:30

Өзгенің жеңілдігі бар көлік картасын пайдаланғандар 40 тәулікке дейін қамалуы мүмкін

Жеңілдігі бар көлік карталары атаулы болып табылады және үшінші тұлғаларға берілмейді.
Өзгенің жеңілдігі бар көлік картасын пайдаланғандар 40 тәулікке дейін қамалуы мүмкін
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

 Соңғы уақытта жолаушылардың басқа біреудің жеңілдігі бар көлік картасын пайдаланатын жағдайлары жиілеп кеткен. Бұл туралы Astana LRT Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды baq.kz.

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері басқа біреудің жеңілдігі бар көлік картасына өз суретін жабыстырып, оны пайдаланған бірнеше азаматты анықтаған.

Жеңілдігі бар көлік карталары атаулы болып табылады және үшінші тұлғаларға берілмейді. Басқа адамның атаулы көлік картасымен валидация жасаған жолаушы тексеру кезінде жол ақысын төлемеген деп саналады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жолақысын төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл (622-бабының 2-бөлімі) 2 АЕК, яғни 5050 теңгені құрайды, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы елорданың бірнеше тұрғыны жалған зейнетақы куәліктерін пайдаланғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша сотталды. Осы бапқа сәйкес жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу сияқты жазалар қарастырылады.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар