Алматы облысында полицейлер 13 жастағы қызды зорлады деген күдікпен бұрын сотталған ер адамды тұтқындады, деп жазады NewTimes.kz жергілікті полиция департаментіне сілтеме жасап.
4 қараша күні Талғар ауданында тұратын әйел 13 жастағы қызының зорланғанын айтып, полицияға шағым түсірген.
"Талғар аудандық полициясы 13 жастағы қызды зорлады деген айыппен 34 жастағы ер адамды тұтқындады. Күдіктүнің үстінен адам денсаулыққа зиян келтіргені үшін қылмыстық іс қозғалды. Ішімдік ішкен ер адам оқушыны үйіне алдап шақырып, зорлаған", - деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Адам зорлады деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Істі облыстық полиция басқармасы өз бақылауына алды.