$ 494.87  520.65  4.91

«ҚазАгроның» тағы бір басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Ресми мәліметке қарағанда, күдікті Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік мүлік – элеваторға сату-сатып алу келісім-шартын жасаған.

Басынан дау арылмаған «ҚазАгроның» тағы бір басшысы ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл жолы холдингке қарасты «Аграрлық несие корпорациясының» басқарушы директорын уақытша ұстау изоляторына жапты. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды КТК арнасы.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарушы директоры басқарма мүшесіне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға теңестірілген бола отырып, өз құзіретіне кірмейтін шешімді қабылдаған", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров.

Бұл қызметте Азамат Қамшымбаев отырған еді. Ресми мәліметке қарағанда, күдікті Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік мүлік – элеваторға сату-сатып алу келісім-шартын жасаған. Ал құны 200 мың АҚШ долларын құрайды деп есептелген элеваторды «Интер-Агро» және «ИнтерАгроТрейд» компаниясының құрылтайшысы мен басшысы сатып алмақшы болады. Қолына кісен салынған холдингтің топ-менеджері осы «78 миллион теңгенің 20 миллионын иемденген» дейді ұлттық бюродағылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары