$ 498.34  519.72  4.85

«Көлік жүргізу мәдениеті әлі де төмен»: ІІМ өкілі журналистер алдында есеп берді

Сондай-ақ, ол тәуелсіздік алғалы бері елімізде 83 мың адам жол-көлік оқиғасынан қаза тапқанын айтты.

Елімізде көлік жүргізу мәдениеті төмен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Марат Тұяқбаев айтты.

«2013 жылдан бері жол-көлік оқиғалары, соның ішінде жарақат алғандар мен қаза тапқандар саны азайып келе жатқанмен, бей-жай қарауға және әрекетсіз болуға болмайды», - дейді Марат Тұяқбаев. 

Ол жыл басынан бері жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан қаза табушылар саны азайып келе жатқанын айтты. 

«Зардап шеккендердің 40%-ы - жаяу жүргіншілер. Жыл сайын жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайлары миллиондап тіркеледі. Бұл елімізде көлік жүргізу мәдениеті әлі де төмен екенін білдіреді», - дейді ол. 

Сондай-ақ, ол тәуелсіздік алғалы бері елімізде 83 мың адам жол-көлік оқиғасынан қаза тапқанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ІІМ