Әкесі мен ұлы заңсыз есірткі бизнесімен айналысқан.
Павлодар облысында әкесі мен баласы есірткінің заңсыз бизнесін құрған, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"78 грамм есірткі тәркіленген марихуана сататын дилерден қылмыстық топ туралы ақпарат алынды. Қылмыстық топты ұйымдастырушының пәтерін тінту кезінде "Браунинг" тапаншасы, төрт грамм героин, сатуға арналып дайындалған килограммнан астам марихуана және екі электронды таразы тәркіленді. Дәл сол күні күдіктінің ұлының үйінде тінту жүргізіліп, 14 ұялы телефон, тоғыз қапқа салынып, сатуға дайындалған 199 келі марихуана тәркіленді. Ұсталған азаматтың екінші ұлының да отбасылық бизнеске қатысы бар екені анықталған соң үйін тінту кезінде бес ұялы телефон, марихуана салынған пакеттер тәркіленді, ал үйдің төбесінде құрғақ қарасора табылды", - делінген ІІМ хабарламасында.
Ұсталған адамдарға есірткі құралдарын топтың құрамында аса ірі көлемде сату немесе сату мақсатында заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.