Алматыда жемқорлыққа қарсы қызметтің жалған куәлігімен жүрген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz, қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, күдікті біраз уақыт іздестірілген.
"16 қарашада жалған қызметтік куәлікті қолдану туралы ақпаратты тексеру барысында Алматы қаласының Төле би көшесіндегі 50-54 үй мекенжайы бойынша 24.07.1987 жылы туған Алматы облысының тұрғыны Құтелов Бақыт Майлықұлы ұсталды. "Әбіш Бахтиярдың" атына жалған мәліметтері мен оның фотосы бар аса маңызды істер жөніндегі офицердің жалған құжаты алынды", - деді жемқорлыққа қарсы қызметтегілер.
Ұсталған Құтелов Алматы облысының полиция департаментіне берілді.