08.12.2019, 09:30

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында оқ атқан кім?

фото: sputniknews.kz
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы 3-бөлігі бойынша (денсаулыққа абайсызда жарақат келтіру) Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайдың полиция желілік бөлімінің тергеу бойынша бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Нұр-Сұлтан әуежайындағы атыс дерегі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz, Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы 3-бөлігі бойынша (денсаулыққа абайсызда жарақат келтіру) Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайдың полиция желілік бөлімінің тергеу бойынша бірыңғай тізіліміне тіркелді» делінген хабарламада.

Осы іске қатысты басқа ақпарат айтылмады. Ал бұған дейін әлеуметтік желілерде 3 желтоқсан күні Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Ұшу сапарларын өрттен және апаттан құтқаруды қамтамасыз ету қызметінің (ҰӨАҚҚ) ғимаратында авиациялық қауіпсіздік қызметінің инспекторы қару тексеріп жатқанда, ол өздігінен атылып кетіп, үш инспектор жарақат алды деген ақпарат тараған еді.

Тегтер: оқ әуежай қару