10.12.2019, 04:13

Қарағандыда 3 жасар баланы айуандықпен өлтірген күдіктінің жазасы жеңілдемек

Коллаж: NUR.KZ
Оған қоса, ол істі сот алқасы қарастырғанын қалайтынын жеткізді.

Қарағандыда үш жасар Максим Гарифулиннің өліміне күдікті азаматтың жазасы жұмсартылуы мүмкін. Оған ер адамның шын жүректен кінәсін мойындағаны себеп болып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл дегеніміз күдікті өзіне Қылмыстық кодекспен тағылған үш бап санкциясының жұмсартылуы мен тағайындалатын жазаның қысқартылуына үміттенуі мүмкін.

"Қарағанды облысының прокуратурасы" ММ прокурор көмекшісі Медеу Жақановтың хабарлауынша, кішкентай баланы аяусыз өлтірді деп күдіктеліп отырған Игентай Сопыжанов кінәсін мойындап отыр.

Оған қоса, ол істі сот алқасы қарастырғанын қалайтынын жеткізді. Заң бойынша, халықтық қосшы билер қылмыстық істерді тек аса ауыр қылмыстар бойынша ғана қарастыра алады. Сопыжановтың ісі дәл осы қатарға жатады. Оған, Қылмыстық кодекстің 125 "адам ұрлау", 261 "адамды кепіл ретінде ұстау" және 99-бап "адам өлтіру" бойынша айып тағылуда.

Уақытша ұстау изоляторында отырған Игентай Сопыжанов өзіне қатысты қозғалған қылмыстық істі Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған сотының кәсіби судьясы қарастырғанын қаламайтынын айтты.