Көкшетауда «Тумгоевские» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілері сотталды. Аталған топтың басшылары түрлі мерзімге бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен көктемде Ақмола облысы бойынша қауіпсіздік басқармасы, полиция және экономикалық тергеу басқармасы қызметкерлерінің бірлескен күшімен ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілерінің қызметі тоқтатылды.
Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдары Көкшетаудағы сотқа жолданды. Сот талқылауының нәтижесінде судья басшылардың бірі, яғни азамат Тумгоевты жеті жарым жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданды.
Оған ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылғаны айтылады. Қылмыскер жазасын өтеулі режимдегі колонияда өтейтін болады.
Биылғы күздің соңғы айында топтың екінші жетекшісі - азамат Куртоевқа қатысты шешім қабылданды.
Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталды. Сот оған бизнес саласында бес жылға дейін басқару ісімен айналысуға тыйым салуға шешім қабылдады.
Сонымен қатар, ол тоғыз жылға бас бостандығынан айрылды.