$ 494.87  520.65  4.91

Finbet букмекерлік кеңсесінің заңсыз қызметі әшкере болды (ВИДЕО)

Кәсіпорынның заңсыз қызметінің жылдық табысы 3 млрд теңгеге жуық соманы құрайды.

Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде, Finbet букмекерлік кеңсесінің заңсыз қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған кәсіпорынның басшылығы букмекерлік қызметпен қатар, ел аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан. 

Заңсыз құмар ойындары Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 букмекерлік кеңседе ұйымдастырылған. 

18 желтоқсан күні 8 өңірде бір уақытта жүргізілген арнайы операция барысында кеңселерде тінту жүргізілді. Кәсіпорынның заңсыз қызметінің жылдық табысы 3 млрд теңгеге жуық соманы құрайды. 

Заңсыз ойын бизнесінің ұйымдастырушылары қазіргі уақытта ұсталып, қамауға алынған. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары