$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда мас күйінде көлік жүргізген полиция аға лейтенанты жұмыстан қуылды

«Ешкімнің де лауазымына, дәрежесіне қарамастан, ішімдік ішіп рөлге отырған адамды біз заң жүзінде жазаға тартатын боламыз», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі.

Қостанайда мас күйінде көлік тізгіндеген полицей жұмыстан қуылды. Арақ ішіп алып, «Аристо» көлігін айдаған аға лейтенантты әріптестері рейдтік шара кезінде ұстаған, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Жедел уәкіл еңбек демалысында жүрген көрінеді. Дегенмен, әкімшілік жазадан құтыла алмады. Сот шешімімен 7жылға жүргізуші куәлігінен айрылып, 15 тәулікке қамалды. Тәртіптік кеңестің ұйғарымымен қызметінен қуылды.

«Осы жедел алдын-алу іс-шарасы аясында айтқым келеді, ешкімнің де лауазымына, дәрежесіне қарамастан, ішімдік ішіп рөлге отырған адамды біз заң жүзінде жазаға тартатын боламыз. Бұл жедел алдын-алу іс-шарасы Қостанай облысында ішімдік ішудің деңгейі азайғанға дейін жалғасатын болады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің бас маманы Кенже Қонысбай.

Еске сала кетсек, ақпан айынан бастап аймақта «Мас жүргізуші – қылмыскер» атты рейд басталды. Жедел алдын-алу шарасы 6 айға дейін созылмақ. Соған қарамастан, мас күйінде тізгінге отыратындар саны азаймақ емес. Бір айда 25 көлік жүргузші куәлігінен айрылып, уақытша қамауға алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары