Елордадағы Экономикалық тергеу департаменті «Қазтехнология» АҚ-ның 1,7 миллиард теңге ұрлау дерегіне қатысты тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазтехнология» АҚ Арыс және Отар әскери бөлімдерінде әскери құрылғыларды, сынықтар мен металды сатуда 1,7 миллиард теңге ұрланғаны туралы дерек анықталды», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Экономикалық тергеу департаменті Бірінші тергеу бөлімінің басшысы Болат Қамитов.
«Қазтехнологияға» қатысты қылмыстық істің кезеңі ұзақ – 2013 жылдан бері жалғасқан. Алайда, біз тергеуді енді бастағандықтан, ақпаратты жариялауға болмайды», - дейді ол.
Айта кетсек, «Қазтехнология» АҚ оқ-дәрілерді жою және патрон шығарумен айналысады. Компанияның жалғыз акционері – «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы.
Бұдан бөлек, Экономикалық тергеу департаменті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүйесінде де құрылыс кезінде 1,3 миллиард теңге жымқыру дерегі болғанын мәлімдеді. Қазір оған қатысты да сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр