Елордалық құқық қорғау органдары прокуратураның үйлестіруімен төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап заңды сақтау бойынша барлық шараларды қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат, қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Прокурорлар, полицейлер мен мемлекеттік кіріс қызметкерлерінен құралған мобильді топ бір сәтте дефицит болған медициналық құралдарды – маска мен антисептиктерді алып-сату фактілерін уақытылы анықтап, алдын алуда.
Төтенше жағдай режимі жарияланғалы бері медициналық құралдарды заңсыз сатудың 58 фактісі анықталды. Жалпы сомасы 88 млн теңгелік 30 мың дана маска және 50 млн теңгелік 20 мың литр антисептик тәркіленді.
Материалдар сотта қаралғаннан кейін тәркіленген құралдар жергілікті атқару органдарына беріледі.