Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, деструктивті діни ағым ұстанушысын тұтқындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҰҚК сайтына сілтеме жасап.
Комитет мәліметінше, ол «ДАИШ» халықаралық террористтік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясының ықпалымен астана аумағында теракт дайындады деген күдікке ілінген.
Тергеу іс-қимылдары барысында одан жою элементтері бар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы алынды.
«Көрсетілген адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24 және 255 (терроризм актісіне дайындалу) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.