$ 494.87  520.65  4.91

«Ине шаншар орын жоқ»: ТЖ кезінде жезөкшелер жұмысын «жандандырған» сауна анықталды

«Сол жерде болғандардың ешқайсысы қалада карантин болып жатқаны туралы естімегендей сыңай танытты», – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары.

Алматыда карантин енгізілгеніне қарамастан, жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталды, деп хабарлайды Stan.kz.

«Саунаға қызметкерлеріміз кіріп барғанда, ине шаншар орын болмаған, адам лық толы. Монша жұмысшылары – әкімші, қызмет көрсету қызметкерлері, сондай-ақ, жеңіл жүрісті қыздар да жұмысын тоқтатпаған. Екі жүргізуші жалданып жұмыс істеген, міндеті – жезөкшелерді тасу болыпты. Күніне олар 10 мың теңгеден алып отырған.

Моншаға жасалған рейд үстінде клиенттер үшін жеңіл жүрісті 5 ару жеткізілді. Барлығы санитарлық нормалардың ережесін сақтамай, кабинкаларда уақыт өткізді. Сол жерде болғандардың ешқайсысы қалада карантин болып жатқаны туралы естімегендей сыңай танытты», – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

1990 жылы туған А. есімді мекеме әкімшісі әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылды – ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай беру» және «төтенше жағдай ережелерін бұзу».

«Монша ішінен шыққан басқа адамдарға төтенше жағдай ережелерін бұзғаны үшін айып тағылды. Олардың ішінде жеңіл жүрісті 5 әйел, екі көлік жүргізуші және үш клиент бар. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғасады. Біз қолға түскен ақпараттың әрқайсысын ұдайы тексеріп отырамыз», – дейді Б.Әбілбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары