$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда «Bek Air»-ге қатысты алғашқы сот отырысы өтті

Сот отырысы барысында «Bek Air» АҚ-ның өкілі әуекомпания өз клиенттеріне ақша қайтару процесін бастағанын хабарлады.

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Bek Air» АҚ әуе компаниясының жолаушыларына күші жойылған рейстердің ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі талап арызы бойынша бейнебайланыс режиміндегі бірінші сот отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2020 жылғы 22 сәуірдегі жағдай бойынша комитет 560 қазақстандық – «Bek Air» АҚ клиенттерінің мүддесін білдіреді. Олар 37 миллион теңгеден астам сомаға 1070 билет сатып алды. Тұтынушылардың өтініштері комитетке күн сайын түседі. Сондықтан комитет талап арызды сот шешімі шығарылғанға дейін келіп түскен арыздармен толықтыратын болады.

Сот отырысы барысында «Bek Air» АҚ-ның өкілі әуекомпания өз клиенттеріне ақша қайтару процесін бастағанын хабарлады. Оның айтуынша, әуекомпания 300 миллион теңгеге жуық қаржы қайтарған.

«Қаражатты қайтару үшін тұтынушы әуекомпанияға барып, билеттің алынғанын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет», - делінген Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Келесі сот отырысы 2020 жылдың 13 мамырында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары