$ 498.34  519.72  4.85

«Әр жұмыстың өзіндік бағалары бар...»: Мақтаралда 30-ға жуық тұрғынды алдаған алаяқ әйел ұсталды

Жәбірленушінің барлығына келтірілген шығын көлемі 13 миллионнан астам теңгені құрады.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Түркістан облысының полицейлері 30-ға жуық тұрғынды жұмысқа орналастырамын деп алдаған алаяқ әйелді ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, baq.kz-ке сілтеме жасап.

Мақтарал аудандық ПБ-не бірнеше жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушілердің бірін жақсы таныс емес әйел сеніміне кіріп, кез келген мектепке жұмысқа орналастырып беремін деп алдаған. Алаяққа сенген тұрғын ұлы мен күйеубаласын жұмысқа тұрғызу үшін әйелге 1,5 миллион теңгеге жуық ақшасын беріп, жер сипап қалған.

Қалған арызданушылардың басым бөлігінің айтуынша, алаяқ әйел: «Мен мүгедек балаларды оңалту орталығын ашайын деп едім. Соған медбике, тәрбиеші, әлеуметтік қызметкер, техникалық қызметкер етіп жұмысқа қабылдаймын. Әр жұмысқа тұрудың өзіндік бағалары бар», - деп, біреуінен 500 мың, келесісінен 600 мың, кейбірінен 350 мың теңге алып отырған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Аудандық тәжірибелі полицейлерден жедел тергеу тобы құрылып, тұрғындарды арбауына түсірген алаяқ әйелді ұстауға қажетті шаралар жасалды. Куәгерлерден жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталып, 5 күн ішінде ұсталды. Ол Мақтарал ауданында туып, 15 жыл бұрын Шымкент қаласына көшіп кеткен егде жастағы әйел болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады», - делінген хабарламада.

Тергеу барысында анықталғандай, ол осылай алаяқтық жолмен 30-ға жуық тұрғынды алдаған. Жәбірленушінің барлығына келтірілген шығын көлемі 13 миллионнан астам теңгені құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары