$ 494.87  520.65  4.91

«2 миллион теңге залал келтірген»: Атырауда 10-нан астам қылмыс жасаған діни ағым өкілдері ұсталды

Олардың бөтеннің мүлкін ұрлау, заңсыз балық аулау, бопсалау, ұрып-соғып, денеге жарақат салу, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру сынды қылмыстарға қатысы бар.
фото: matritca.kz
фото: matritca.kz

Атырау облысының аумағында деструктивті діни ағымды ұстанушылар 10-нан аса қылмыс жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жат ағым өкілдерінің бөтеннің мүлкін ұрлау, заңсыз балық аулау, бопсалау, ұрып-соғып, денеге жарақат салу, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру сынды қылмыстарға қатысы бар.

«Жыл басынан бері оннан астам қылмысты тергеу барысында олардың жалпы құны 2 миллион теңге көлемінде материалдық залал келтіргені анықталды. Сондай-ақ, деструктивті діни ағым ұстанушылары тарапынан төтенше жағдай режимін бұзу фактілері де тіркеліп отыр. Әрбір факті бойынша қылмыстық және әкімшілік жаза жүргізілуде», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары