$ 444.22  476.38  4.82

Алматы полицейлері құны 7 млн теңгені құрайтын Азитромицин дәрісін тәркіледі

Бұл дәрі-дәрмектердің рұқсат құжаттары мен лицензиясы болмаған.
фото: espreso.tv
фото: espreso.tv

Алматы облысында жалпы сомасы 7 миллион теңге болатын дәрі тасып келе жатқан автокөлік ұсталды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпарат порталы. 

Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, 6 шілде күні  Алматы - Бішкек трассасында Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері дәрі-дәрмектерді рұқсат құжаттары мен лицензиясыз заңсыз сатқан тұлғаларды ұстаған.

Тінту барысында олардан 10 қорап (әр қорапта 242 данадан) жалпы соммасы 7 миллион теңге болатын «Азитромицин» препараты анықталған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 214-бабы бойынша тергеу басталды. 

Сондай-ақ 5-6 шілде аралығында заңсыз дәрі-дәрмек тасымалдауға байланысты ел аумағында 18 заң бұзушылық (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Маңғыстау облысы, БҚО, Алматы, Атырау облыстарында, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарында) анықталған. Одан бөлек, жалпы сомасы 727 миллион теңге болатын 182 мың қорап дәрі тәркіленген.

Осыдан екі күн бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен құқық қорғау органдарына дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауы мәселесін реттеуді тапсырған болатын.

«Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады», - деп жазан өзінің twitter парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары