Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы пара алды деген күдікке ілінді деген ақпарат ақыры рас болып шықты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Алматы облысы бойынша қызметі Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысының қамауға алынғанын растап мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шенеунік ұстау операциясы кезінде аппарат жетекшісі өзенге секіріп оқиға орнынан қашып кетпек болған.
«Ұстау операциясы кезінде аппарат жетекшісі оқиға орнынан қашып кеткен. Өзенге секіріп, арғы жағына жүзіп өтпек болған. Сол кезде судың ағысы оны алып кете жаздады. Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары құрықтады», - дейді Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Қайсар Баржақсынов
Оқи отырыңыз: Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысы тергеуге алынды
Sputnik Қазақстан сайтының жазуынша, күдікке ілініп отырған аппарат жетекшісі мүгедектер қоғамының директорынан 1,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр. Шенеунік қаланы абаттандыруға қатысты рәсімделген келісімшарттар бойынша қамқорлық жасауға уәде берген.