$ 494.87  520.65  4.91

«Ұшақтар мен тікұшақтардың көмегімен шашыратқан»: індет туралы жалған ақпарат жиілеп кетті

«Осы фактілер бойынша ІІМ Тергеу департаменті ҚР ҚК-нің 274-бабы («Біле тұра жалған ақпарат тарату») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді Ішкі істер министрі.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда коронавирус туралы жалған ақпарат таратушылар туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау мақсатында ішкі істер органдары жүргізген әлеуметтік желілердің күн сайынғы мониторингі соңғы уақытта жалған ақпараттың таралуы жиілеп кеткенін көрсетті. Біз осындай әрбір хабарламаны басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп тексереміз.

Қазір елдегі эпидемиологиялық жағдайдың өзекті тақырыбын жеке тұлғалар аудиторияның назарын аудару үшін пайдаланады. Бұл ретте ақпараттың тексерілмегенін елемей, оның ішінде шетелдік тегі барлар да хабарламаларды таратуда», - деді интернет желісінде жалған ақпаратты таратуға қатысты мәлімдеме жасаған министр.

Ары қарай ол барынша көп тараған хабарламаларға тоқталды.

«Ең танымал таратылымдардың арасында «вирусты елді мекенге ұшақтар мен тікұшақтардың көмегімен шашыратқан», «Қазақстанға биохимиялық қару шашыратқан» және басқа да аудиохабарламалар бар.

Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі кейбір пайдаланушылар «Бүгінгі аурудың өршуі биологиялық қару-жарақпен химиялық шабуылдан орын алуы мүмкін» мазмұнындағы хабарламаларды жариялады», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, «бұл хабарламалардың барлығы расталмаған, өтірік болып табылады және қоғамды тұрақсыздандыруға әрекет ретінде бағаланады.

«Осы және басқа да ұқсас фактілер бойынша ІІМ Тергеу департаменті ҚР ҚК-нің 274-бабы («Біле тұра жалған ақпарат тарату») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оның санкциясы айыппұл, түзеу жұмыстары, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жазаны көздейді.

Мен азаматтарды мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сенуге, арандатуларға ұшырамауға және жалған ақпаратты таратпауға шақырамын», - деді Ішкі істер министрі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары