$ 494.87  520.65  4.91

Елордада соңғы 5 күнде дәріні заңсыз сатқан 27 азамат ұсталып, 13 миллион теңге тәркіленген

Тұрғындар дәріні бірнеше есе қымбатқа, әрі фискалды чексіз сатып алған.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Нұр-Сұлтанда заңсыз препараттарды жасырын сатып келген дәріхана қызметкері ұсталды. Ол дәріхананың басқа бөлмесінде көлеңкелі кәсібін дөңгелеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тәркіленген тапшы антибиотиктердің өзі сатылымда болмаған. Дәріхана қызметкері жымысқы әрекетін жүзеге асыру үшін клиенттерді басқа бөлмеге жіберіп отырыпты. Сол жерде тұрғындар дәріні бірнеше есе қымбатқа, әрі фискалды чексіз сатып алған.

Тінту барысында 2350 медициналық препарат тәркіленді. Оның арасында қазір вирусқа қарсы үлкен сұранысқа ие Цефтриаксонның мың бумасы бар. Одан бөлек, ЦЕФ-3, азитромицин, парацетамол секілді дәрілер қорабымен жатыр.

Соңғы бес күнде елордалық полицейлер заңсыз дәрі сатумен айналысқан 27 адамды қолға түсірген. Тәркіленген препараттардың жалпы құны – 13 миллион теңге.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары