18.07.2020, 03:30

Атыраулық жалған емші аңқау елді коронавирустан «емдеп» келген

Тексеру барысында оның арнайы лицензиясы жоқ екендігі анықталды. Әрі қоймадан жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, атауы өзге тілде жазылған дәрі-дәрмектер табылды.

Атырауда дәстүрлі емес медицина арқылы індетті емдеумен айналысқан тұрғын ұсталды. Ол қаладағы ғимараттардың бірін стационар типінде жабдықтап, коронавирус жұқтырған тұрғындарға «ем-дом» жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Қазақстан» ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.

Тексеру барысында оның арнайы лицензиясы жоқ екендігі анықталды. Әрі қоймадан жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, атауы өзге тілде жазылған дәрі-дәрмектер табылды.

«Ғимараттың екінші қабатынан ешқандай санитарлық нормаларға сай келмейтін станционар ашқан. Полиция қызметкерлері тексеру кезінде төменгі қабаттан жарамдылық мерзімдері асып кеткен, жалпы саны 2500-ден астам дәрілік өнімдерді тауып, тәркіледі. Қазір аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда», - деді облыстық ПД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.