03.08.2020, 01:00

Карантин: павлодарлық 22 десантшы екі бап бойынша айыпты деп танылды

фото: видеодан скриншот
Олар Әуе десанты әскерлерінің күнінде көшеге шығып, саптық маршпен жүріп өткен.

Павлодарда Әуе десантының сапында болған 22 десантшыға айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Әуе десанты әскерлерінің күнінде көшеге шығып, саптық маршпен жүріп өткен. Тұрғындар түсірген бейнежазбадан олардың бірде-біреуінде бетперде жоқ екенін байқауға болады.

Саптық маршқа қатысушылардың кім екені анықталып, полицейлер оларға карантин талабын бұзды және көшеде көлік қозғалысына кедергі келтірді деген айып тақты.