Алматы полициясы қазақстандық файтер Қуат Хамитовтың дезинфекциялаушыларды ұрып, тікұшақтарға оқ атуға шақырғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Полиция мәліметінше, әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында спортшының зорлық-зомбылық әрекеттерін ұйымдастыруға шақырып жатқаны видеосы анықталған. Сол себепті, кеше ол Алматы қалалық Полиция департаментіне жеткізілді.
«Қазір ҚР ҚК-нің 272-бабы 3 тармағы бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Азамат Хамитов Қуат тергеу шараларына байланысты Полиция департаментіне жеткізілді. Тергеу амалдарының қорытындысына сәйкес процессуалды шешім шығарылады. Азамат Хамитовтың әрекетіне құқықтық баға беріледі», - деді Алматы ПД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Еске сала кетсек, елімізде жаппай тәртіпсіздікке, заңға бағынбаушылыққа және азаматтарға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерін ұйымдастыруға халықты шақырғаны үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу немесе айыру қарастырылған.