Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте «Қапшағай автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің» лауазымды тұлғаларына қатысты ақша жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шенеуніктер орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып, ЖШС шотына ақша аударған. Бірақ, іс жүзінде жөндеу аяқталмағаны хабарланды. Бұл – Заречныйда болған жайт.
«Мемлекетке 14 миллион теңгеден астам ірі көлемде залал келтірді. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.