$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда банк менеджері 7 клиенттің есепшотынан ақша ұрлаған

Заңда мұндай қылмыс үшін 1 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, яғни 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу көзделген.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Елордалық банктердің бірінде қызмет істейтін менеджер клиенттердің есепшотынан ақша ұрлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызметкер әйел түрлі банктік операциялар арқылы бірнеше ай бойы клиенттерге тиесілі ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, жымқырып отырған.

Бірнеше жыл жұмыс істеген менеджердің әрекетінен 7 клиент зардап шеккен. Яғни, олардың 297 мың теңгесі ұрланғаны анықталды. Соның салдарынан банк қызметкері жұмыстан шығарылды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша іс қозғалды. Ал заңда мұндай қылмыс үшін 1 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, яғни 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу көзделген. Қылмыс сипатына қарай мүлкі тәркіленіп немесе 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары