$ 444.22  476.38  4.82

Трансгендерді зорлаған ҰҚК-нің бұрынғы қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты

Іле аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері қылмыстық кодекстің 121-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тергеу жүргізді.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 Іле аудандық соты Алматы облысындағы "Жауғашты" колониясында жазасын өтеп жатқан трансгендер Виктория Берікқожаеваға қатысты зорлық-зомбылық пен азаптау ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сот азамат С.А.-ны Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 121-бабының 2-бөлігі 4-тармағы (бірнеше рет жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша кінәлі деп таныды. Ол 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді", - деді судья Еркен Сейітов.

Сонымен қатар сотталушыға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге және үш жылға белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Сондай-ақ, оны ұлттық қауіпсіздік майоры әскери атағынан айырды.

Сот шартты түрде немесе неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға негіз жоқ деп таныды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Жаза мерзімі 2019 жылдың 3 қазанынан бастап есептеледі.

Адвокат Айман Омарованың айтуынша, Алматы облысының "Жауғашты" колониясында жазасын өтеп жатқан трансгендер Виктория Берікқожаева өткен жылдың 19, 20 және 24 шілдесінде зорланған.

Іле аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері қылмыстық кодекстің 121-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тергеу жүргізді. Сотталушы С. А. – Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің бұрынғы қызметкері.

Сот трансгендер Виктория Берікқожаеваға қатысты зорлық-зомбылық пен азаптау ісі бойынша үкім шығарды. Айыпталушы, ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері өзіне тағылған айыпты мойындамады және соттан өзін ақтауды сұрады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары