08.11.2020, 09:55

Атыраулық менеджер халықаралық деңгейде іздестіріліп жатыр

фото: ашық дереккөз
Іздестіру «аса ірі мөлшерде бюджетке салық төлеуден жалтару», сондай-ақ, «ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, қатысу» деректері бойынша жүргізіледі.

Атырау облысы кәсіпорындарының бірінің менеджері аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарды деген күдікпен іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Karachaganak Support Service» ЖШС бизнес-менеджері Б.К. Меңдіғазиевке қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Іздестіру «аса ірі мөлшерде бюджетке салық төлеуден жалтару», сондай-ақ, «ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, қатысу» деректері бойынша жүргізіледі», - делінген ҚМК хабарламасында.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қашып кеткен. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

«Тергеу әрекеттері аясында «Karachaganak Support Service» ЖШС кеңсесінде және оның тұрғылықты жері бойынша соттың санкциясымен тінту жүргізілді. Тергеу шаралары жалғасып жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.