$ 484.11  528.79  5.03

Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік бақылау қағидаларына өзгеріс енгізілді

Толықтырулар мен өзгерістер ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиациялық қызметінде жүргізілген ұйымдық-штаттық іс-шараларға сәйкес қабылданды.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қорғаныс ведомствосы «Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 424 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.

Аталған өзгеріс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау және Ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 16 қарашадағы № 375-VI ҚР Заңына, сондай-ақ ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиациялық қызметінде жүргізілген ұйымдық-штаттық іс-шараларға сәйкес қабылданды.

Құжаттың толық мәтінімен интернет порталының нормативтік құқықтық актілер бөлімінде танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6509840.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары