$ 494.87  520.65  4.91

Жоғарғы соттың судьясы қамауға алынды

Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Жоғарғы соттың судьясы Ж. ұсталған болатын.
фото: newsroom.kz
фото: newsroom.kz

Ірі көлемде пара алып жатқанда ұсталған Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты мәлімдеді деп хабарлады newsroom.kz

2021 жылы 11 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Жоғарғы соттың судьясы Ж. ұсталған болатын.

«2021 жылғы 9 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты судьяға қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – делінген елорданың тергеу сотының хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары