Астана қаласының маманданған ауданаралық экономикалық сотының судьясы 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚР Қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 2013 жылғы қарашада жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Астана қаласының маманданған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Кенжаевтың азаматтық іс бойынша жағымды шешім шығару үшін кәсіпкерден 750 мың теңге көлемінде пара алу фактісін бекіткен болатын.
2013 жылғы 12 қарашада бұл факт бойынша Қаржы полициясы агенттігінің жедел-іздестіру материалдарының негізінде ҚР Бас Прокуроры қылмыстық іс қозғады.
«2014 жылғы 24 шілдеде Астана қаласы Алматы аудандық соты Кенжаевты пара алуға кінәлі деп тауып, оған 6 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», делінген хабарламада.