$ 444.22  476.38  4.82

Түркістанда сейф тонаған ағайынды ұрылар қолға түсті

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз азамат үйіне ұрлыққа түсіп, жатын бөлмеде тұрған түрлі алтын бұйымдары мен 11 000 АҚШ доллары салынған сейфін ұрлап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 10 000 000 теңгеден асады деп жазды BAQ.KZ.

Хабар алысымен жедел уәкілдер қажетті іс-шаралар кешенін жүргізіп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәгерлерден сұрастырды, сондай-ақ, бейнебақылау камераларын тексерді. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғындарды, яғни ағайынды екеуді құрықтады. Оның біреуі бұрын сотты болған. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Белгілі болғандай, ағайынды екеу өзара ақылдасып, оңай жолмен ақша табуды көздеген. Осылайша, жәбірленушінің үйін бақылап, адамдардың жоқтығына көз жеткізген. Содан соң ауласындағы қоршаудан секіріп түсіп, үйдің терезесін бұзып, ішіне кірген. Жатын бөлмедегі сейфті ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Қолды еткен затты ауыл сыртына барып ашып, ішіндегі түрлі алтын бұйымдар мен ақшаны алып, сейфті сол жерге лақтырып кеткен. Осылайша, алтындарды үйлеріне жасырып, ақшаны жаратып жіберген, - делінген ақпаратта.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сіздің мүлігіңізге қылмыстық қол сұғушылықты болдырмау үшін терезелер мен есіктерді темір торлармен және сенімді құлыптармен бекіту керек. Үйден шықсаңыз, тіпті аз уақытқа болсын кетсеңіз, сыртқы есіктері мен терезелерін сенімді жауып жүріңіз. 

Сондай-ақ мүмкіндігінше үйлер мен кіреберістерде бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнату қажет. Пәтер ұрлығы болған жағдайда жедел түрде 102 телефоны бойынша полицияға хабарласу қажет, бұл полиция қызметкерлеріне қылмысты ізін суытпай ашуға көмектеседі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары