Соңғы жаңалықтар

Заң

Заң талаптарын түсіндіру жөнінде сабақ өткізілді

Мақтарал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын түсіндіру жөнінде сабақ өткізілді, деп хабарлайды ОҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

Кеңесші, көмекші және баспасөз хатшысын ғана әкете алады

«Мемлекеттік қызметте қолға алынған жаңа механизм бойынша командалық ауысу тоқтатылып, тек кейбір саяси қызметкерлер үшін «кеңесшілерін, көмекшілерін және баспасөз хатшыларын» ғана өзімен бірге алып жүру рұқсат етіледі» дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Берік Бекжанов.

Шекарашылар заңсыз жолмен мұнайлы битумды өткізбек болғандарды ұстады

Орал шекара отрядына қарасты «Сырым-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды елімізге мұнайлы битумды заңсыз жолмен өткізуге тырысқан Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады, - деп хабарлайды  Skifnews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақжарқын Тұрлыбайды елге әкелуі мүмкін

Қытай елінде сотталған  Ақжарқын Тұрлыбайдың экстрадициялануына үміт пайда болды. Бұл туралы бойжеткеннің қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды.

Ермегияевтің жүргізушісін оған қарсы куәлік етуге мәжбүрлеген болуы мүмкін

«Астана ЭКСПО-2017»  ұлттық компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияевтің жеке жүргізушісі Саят Надірбаевты тәртіп сақшылары күштеп басшысына қарсы куәлік етуге мәжбүрлеген деп мәлімдеді жүргізушінің жақындары.

Айырбас пунктіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Астанада айырбас пунктіне қарулы шабуыл жасады делінген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды  Астана ІІД баспасөз қызметі.

Сириядан эвакуацияланған қазақстандықтардың есімін жарияланды

17-18 тамызға қараған түні Мәскеу қаласының «Домодедово» әуежайына РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы рейсімен Сирия Араб Республикасынан үш Қазақстан азаматы жеткізілді, деп хабарлады ҚР СІМ Баспасөз қызметі. 

Шымкентте шенеунік ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері пара алды деген күдікпен Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ОҚО бойынша департамент басшысы С.Сейтімовті ұстады. 

Судьялар жемқорлықпен күресуге шақырды

Еңбекші аудандық сотының ұйымдастыруымен Шымкенттегі Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиникасында алқалы жиын өтті. Судьялар жиында сот саласында орын алатын өзгерістер туралы ғана емес, мемлекеттік қызмет саласына енгізілетін өзгерістер туралы да баяндады.

Алаяқ банкир ұсталды

Полиция Ұлыбританияның корольдік банкі делінген заңсыз мекеме арқылы қазақстандықтарға кепілсіз несие ұсынған алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.