Соңғы жаңалықтар

Заң

ОҚО прокуратурасы кәсіпкердің құқын қорғап шықты

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ОҚО бойынша Департаментінің мамандары  «Дарья су» ЖШС-ге қатысты екі қаулы қабылдап, әкімшілік жауапкершілікке тартып, жалпы 1 109 920 теңге (әр қаулы бойынша 554 960 теңге) көлемінде айыппұл салады. Қаулы «Дарья су» ЖШС  шаруа қожалықтарын ағын сумен қамтамасыз ету барысында бекітілген тарифтен жоғары бағада су сатып, заңсыз 12 734, 31 мың теңге артық табыс тапқан, сумен жабдықтау туралы тұтынушылармен түзілген келісім-шарттары үкімет қаулысымен бекітілген үлгі шартқа сәйкес келмейді деген негізбен  қабылданған.

Әскери қызметкерлер сыбайлас жемқорлықтың алын алу бойынша семинарға қатысты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті әскери қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында  семинар өткізді. Оған ОҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Сайрам ауданының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірнеше фактіні анықтады

Ақсукент ауыл округі әкімі аппараты ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы талаптарының бұзылуына жол берген.  Бұл Сайрам ауданы прокуратурасының тексеру нәтижесінде анықталған.  Жуырда аудандық прокуратура Сайрам ауданының әкіміне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс  жолдады.

Парамен ұсталған басшыға үкім шықты

Жуырда Шымкент қалалық Әл-Фараби аудандық соты Оңтүстік Қазақстан облыстық білім саласын бақылау жөніндегі департаментінің басшысы А.Жақсылықовқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews тілшісі.

Құзырлы орган өкілі 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Жуырда Шымкент қаласындағы Абай аудандық соты Шымкент қалалық қылмыстық-атқару инспекциясының пробация бөлімшесінің инспекторына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қызмет атқару құқығынан да, шенінен де айырылды

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысында Мақтарал ауданының ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі А.Мырзалиевке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды ОҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері қылмыс үстінде қолға түсті

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнің ОҚО бойынша департаментiнің қызметкерлері жуырда бірден үш учаскелік полиция инспекторларын пара алу үстінде қолға түсірді, деп хабарлады аталмыш департаменттің баспасөз қызметі.

Астанадағы жанжалға қатысты "жалған" ақпарат таратқандар ұсталды

Астана қаласының ІІД қызметкерлері ағымдағы жылдың 16 маусымында «Астаналық базар» СҮ («Артем») жанында болған оқиғаға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша 1 шілдеде «Т» атты 1964 жылы туған азаматты ұстады.

Жемқорлыққа жағдай туғызғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Төлеби аудандық прокуратурасы ҚР Президентінің 24.12.2014 жылғы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын негізге ала отырып, қылмыстың осы түріне жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жою бағытында жұмыстар атқарып келеді.

Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің заңнамалық базасы мен жүйесін бірінші болып жасауға кірісті.

Біздің мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған негізгі нормативтік құқықтық акт - Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы қабылданды, сонымен қатар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы жасалып, ол қоғам өмірінде сәтті түрде жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының бұл мәселеге қатысты  бірнеше Жарлықтары қабылданды. Бұдан да бөлек Елбасы Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында бұл мәселеге ерекше тоқталатынын да айтсақ болады.