Соңғы жаңалықтар

Заң

Кішкентай қызды қағып өлтірген жүргізушіні куәгерлер соққыға жықты (ВИДЕО)

Кеше түнде Алматыда жолаушылар жолағынан өтіп бара жатқан екі қызды «Опель» көлігі қағып кеткен. Жүргізуші қаққан күйі тоқтамай кетуді ойлағанымен, куәгерлер қуып жетіп, қайтып әкеліп соққыға жыққан, деп хабарлайды dorpat.kz.

ОҚО балалар бейімдеу орталығының былықтары ашыла түсті

Оңтүстік Қазақстан облысында кәмелет жасқа толмаған балаларға арналған бейімдеу орталығында шыққан жанжал күшейе түсті, деп хабарлайды 31 телеарна.

Қарағандының екі тұрғыны банктен 146 млн. теңге жымқырған

Осы жылдың 16 маусымында Қарағанды облысы қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Қарағанды қаласының екі тұрғынын жалған кәсіпорындар шотынан 146 млн. теңге алу кезінде ұстады, Skifnews.kz.

Крем қорабына героин салып колонияға өткізбек болған Тараз тұрғыны ұсталды

Кеше қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде есірткі заттарын өткізбек болған екі оқиға тіркелген болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz.

АҚШ-та Тәжаяқовқа қатысты ақтық шешім қазанда жарияланатын болады

Бостондағы терактіні тергеуге кедергі келтіруде кінәлі деп танылған Азамат Тәжаяқовқа қатысты шығарылған үкім 16 қазанда жарияланатын болады, деп хабарлайды РИА Новости Boston Herald агенттігіне сілтеме жасай отырып.  

АҚШ алқа соты Азамат Тәжаяқовты айыпты деп таныды

Бостон марафоны кезіндегі жарылысты тексеру ісінде күдікті болған қазақстандық студент Азамат Тәжаяқов шілденің 21-і күнгі сотта терактіні тексеруге кедергі келтірген деп танылды, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы Boston Globe газетіне сілтеме жасай отырып.

Экс-шенеунік Мұрат Оспанов полициядан қашпақ болған

Аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отырған Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы М.Оспановтың қорғаушысы Х.Айтқалиеваның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратқан мәліметі шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы Қаржы полициясы агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Темірбанкті тонағандар 7 жылға сотталды

Алматыда Темірбанктен 37 млн теңгені қолды етті деп айыпталған екі азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет мәлім етті, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Алматыда жыныстық құлдыққа түскен келіншек босатылды

Алматы қаласы полициясы мәжбүрлі түрде жыныстық қызмет көрсетіп келген 22 жасар ОҚО-ның тумасын босатты, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Лауазымды шенеуніктер Қазақстанға 13 мың шетелдікті заңсыз кіргізген

Қытайларға заңсыз виза рәсімдеп, еш кедергісіз елге кіргізген Сыртқы Істер министрлігінің лауазымды шенеуніктері ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлайды КТК арнасы.