Соңғы жаңалықтар

Заң
«Екі балам мен күйеуім бомбаның астында қалды»: Сириядан елге қайтарылғандар тағдырын баяндады

«Екі балам мен күйеуім бомбаның астында қалды»: Сириядан елге қайтарылғандар тағдырын баяндады

7-9 мамыр аралығында еліміздің сыртқы істер ведомствосы, ұлттық қауіпсіздік комитеті және әскерилердің күш біріктіруімен Сирия аумағында қалып қойған қазақстандықтарды елге қайтару операциясы жүзеге асырылды. Жыл басынан бері екінші мәрте өткізіліп отырған шараның оперативтік атауы Жусан-2. Қаңтардағы операцияға қарағанда бұл жолы жеткізілгендер саны көп. 231 адам. Екі күнге жалғасқан шарада елге әкелінгендердің дені балалар. Қазір олар Ақтаудағы бейімдеу орталығында, деп хабарлайды Евразия арнасына сілтеме жасаған Stan.kz.

ҚР ІІМ басшысы атқа мінген полиция департаментінің басшысын қызметінен босатуды ұсынды

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаевты атқарып отырған лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне ұсыным енгізу жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Аустриядағы мектептерде хиджаб киюге тыйым салынды

Аустрия парламенті мектептерде хиджаб киюге тыйым салуға байланысты заң қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы облысында әйелдерді тонап, зорлаған күдікті ұсталды

Алматы облысында екі әйелге күш көрсетіп тонап, бірін зорлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте тыйым салынған жерлерде шомылғандар жазаға тартылады

Шымкентте тыйым салынған жерлерде шомылған тұрғындар  заң бойынша әкімшілік жазаға тартылады. Бұл туралы қаланың Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы кезекті брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жомарт Ертаевты қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Алматы қалалық тергеу соты Ресейден экстрадицияланған экс-банкир Жомарт Ертаевты қамау мерзімін тағы бір айға созды, деп жазады Азаттық Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі сілтеме жасап.

ОСК БАҚ пен блогерлерге талап қойды

Блогерлер барлық кандидаттарды бірдей насихаттауы тиіс. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткерлер жайлы ғаламторда жазба жариялаудың тәртібін түсіндірді. Ондағылардың айтуынша, әлеуметтік желі бұқаралық ақпарат құралы болып саналатындықтан, кез-келген пайдаланушы оған жазғанда барлық кандидатқа теңдей көңіл бөлуі керек.

Алматы облысында үйлерді тонап келген қылмыстық топ ұсталды

Алматы облысының полицейлері ұзақ уақыттан бері бөгденің мүлкін қолды етіп келген қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы өңірдің ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкентте 9 жастағы қызды зорлаған педофилге қатысты сот үкімі шықты

Шымкентте қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотта кәмелеттік жасқа толмаған, 9 жасар қызды зорлаған педофилге қатысты үкім шықты. Бұл туралы Vera.kz басылымы хабарлайды.

Алматы облысында панасыз адамды соққыға жыққан екі жасөспірім ұсталды

Алматы облысында тұрақты мекені жоқ азаматты соққыға жықты деген күдікпен екі жасөспірім ұсталды. Оқиға Қапшағай қаласында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.