Соңғы жаңалықтар

Заң
Қостанайда адам өлтірген Ұлы Отан соғысының ардагерінің жазасы жеңілдетілді

Қостанайда адам өлтірген Ұлы Отан соғысының ардагерінің жазасы жеңілдетілді

Қостанайда туысын өлтірген 93 жастағы қария соғыс ардагері болғаны үшін түрмеден босатылды, деп жазады Alau.kz.

Бас прокуратура мейрамға қарсы тағы да үндеу жариялады

Бас прокуратура алдағы мейрамға қарсы ресми сайттарына тағы үндеу жариялады. 

Ақтөбе тұрғынын жаяу жүргіншілер жолағында қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

6 мамыр күні кешке Ақтөбе-Орынбор тас жолында қара түсті Toyota Land Cruiser-100 автокөлігі 41 жастағы ер адамды қағып, қашып кеткен деп xабарлайды Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Алматыдағы балабақшада бүлдіршінді ұрып-соққан тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты

Алматы қалалық кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта №37 балабақшаның тәрбиешісі Гүлжан Әкімбаеваға қатысты сот тыңдалымы өтті. Ол бүлдіршінді ұрып-соқты деп күдіктелуде. Бұл туралы «Астана» телеарнасы xабарлайды.

Оралда плакат ұстаған азаматты полиция қызметкерлері ұстады (ВИДЕО)

Абай алаңына бос плакатпен келген Орал қаласының тұрғынын полиция қызметкерлері ұстап әкетті деп жазады «Уральская неделя»

Жас жігіт осы әрекетімен Қазақстанда адам құқығы тапталып жатқанын көрсеттім дейді.

24 жастағы Аслан Сағутдинов 6 мамыр күні таңертең Абай ауданы әкімшілігінің алдында қолына бос плакатпен келген. Оның айтуынша, ол Қазақстандағы сөз бостандығы мен демократияның жоқтығын көрсету үшін бос парақшамен шыққан екен.

«Мен ешқандай петицияға қатыспайтын қарапайым азамат екенімді көрсетсем де, плакатта ешқандай жазулар болмаса да, полиция қызметкерлері мені ұстады. Менің есімім – Аслан Сағутдинов және менің айтқым келгені, қазақ халқы бостандықта өмір сүрсін», - деді ол журналистерге сұхбат беру барысында.

Ол бос плакатпен шамамен 5 минут тұрған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің бастығы Ербол Құсеков келіп, азаматты ешкім ұстамайтыны жайлы мәлім еткен. Алайда, Құсеков телефон арқылы біреумен сөйлесу үшін басқа жаққа кеткеннен кейін тәртіп сақшылары Асланды ұстап, полиция бөліміне алып кеткен.

Талдықорғанда атыс болды

Талдықорғандағы супермаркеттердің бірінде атыс болып, салдарынан жергілікті тұрғындардың бірі жараланды, деп хабарлайды zakon.kz

Нұр-Сұлтан тұрғыны пәтерін интимдік қызмет көрсетуге жалға берген

Нұр-Сұлтан тұрығына пәтерін интимдік қызмет көрсетуге жалға бергені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Алматыда баласы әкесін пышақтап өлтірді

Алматыда ұлы туған әкесіне пышақ салды. Жарақат алған әкесі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Полицияға оқ атқан алматылық 15 жылға сотталды

Алматыда аңшы мылтығымен үйінің шырқын бұзып, полицияға оқ атқан бұзақы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Түркістан облысында 11 алаяқтық қылмысына қатысы бар әйел ұсталды

Түркістан облысында 11 алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен әйел адам ұсталды. Сезікті  арызданушылардың сеніміне кіріп, оларды түрлі жолмен алдап кетіп отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.