"Титаниктің" апатқа ұшырауына айсберг себеп болмаған - БАҚ - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

"Титаниктің" апатқа ұшырауына айсберг себеп болмаған - БАҚ

03.01.2017, 10:30

Әйгілі "Титаник" кемесінің апатқа ұшырауына айсберг себеп болмаған дейді ирландиялық журналист Сенан Молони. Теңіз лайнерінің апатын 30 жылдан бері зерттеп келе жатқан маман "Титаниктің" апатқа ұшырауының басты себебі - көмір жағатын бөліктегі апат дейді. Бұл туралы ол "Титаник: жаңа дәлелдер" атты деректі фильмінде мәлімдеген. Аталған теле-туынды Channel 4 телеарнасынан көрсетілді.

"Титаниктің" апаты туралы фильм әзірлеген Сенан Молони кеменің инженер-электриктері түсірген суреттерді зерттегенін айтады. Бұл фотосуреттер кеме Белфасттағы порттан кетер кезде түсірілген екен. Суреттерде лайнердің алдыңғы бөлігінде ұзын қара дақтардың бар екені анық көрінеді. Сарапшылар мұны кеме қазандығындағы оттан пайда болған күйе екенін анықтап отыр.

Моланидің пікірінше, кеме ұзақ сапарға шығуынан бірнеше апта бұрын көмір жағатын бөлікте өрт болған екен. 12 адамнан тұратын команда жалынды өшіре алмаған. Осы өрт салдарынан кеменің сыртқы қаңқасы жұқаланып, мұзға соқтығысқан сәтте оп-оңай жарылып кеткен.

Айта кетейік, әйгілі "Титаник" 1912 жылы сәуірдің 14-нен 15-не қараған түні Атлант мұхитының солтүстігінде айсбергке соқтығысып, апатқа ұшырады. Ресми деректерге сәйкес, лайнердің бортында барлығы 1500-ден астам адам болған.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші