Назарбаев пен Путин Украинаға қатысты уағдаластықтардың орындалуын талқылады - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Назарбаев пен Путин Украинаға қатысты уағдаластықтардың орындалуын талқылады

12.09.2014, 16:22
Сурет: rg.ru Сурет: rg.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар талқыланды.

«Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екі елдің халықаралық және өңірлік ұйымдар, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығына да назар аударды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мемлекет басшылары 26 тамызда Минскіде өткен Кеден одағы елдерінің, Украинаның басшылары мен Еуропалық одақ өкілдерінің кездесуі кезінде жасалған уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады. 

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші