Әйгілі Сүлеймен сұлтанның қабірі табылды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Әйгілі Сүлеймен сұлтанның қабірі табылды

10.12.2015, 18:24

Осман империясының әйгілі сұлтаны І Сүлейменнің қабірі табылды деп мәлімдеді мажар тарихшысы Норберт Пап. Билеуші 1566 жылы Сигетвара қорғанын алу кезінде қаза тапқан.

Печ университетінің ғалымы Н.Паптың айтуынша, жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған жәдігерлер моланың Сүлейменге тиесілі екенін дәлелдеген. Тарихшының айтуынша, сұлтанның қабірі өзі өмір сүрген шатырдың орнына қойылған.

Енді бұл фактіні ресми түрде мәлімдеу үшін 2016 жылдың көктемінде ғалымдар тағы да қазба жұмыстарын жүргізіп көрмек. Моланың жанында кішігірім мешіттің қирандылары мен дәруіштердің мекендеген үйлері болған. Археологтар енді сол жерде зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Айта кету керек, Сүлеймен 71 жасында қайтыс болған және ол Осман империясының ең әйгілі билеушілерінің бірі болған. Оның тұсында империя нағыз гүлденген кезеңді бастан кешірді. Сүлеймен билік еткен 46 жылда Осман империясы Балқандағы, Орталық Шығыстағы және солтүстік Африкадағы шекарасын едәуір кеңейтті.

Сұлтанның мазары Венгриядағы Турбек деген жерде орналасқан. Ол 1680 жылы қиратылып, 2013 жылы Пап бастаған ғалымдар тобымен табылған болатын.

Тарихшылардың пікірінше, бұл мазарға Сүлейменнің тек жүрегі ғана қойылған, денесінің қалған мүшелерін жақтастары Стамбұлға жіберіп, сол жердегі Сүлеймен мешітіне жерлепті. Сұлтанның өлімі 48 күн бойы ешкімге айтылмай құпия сақталды. Қйткені, дұшпандары оның есімінен қорқатын дейді Норберт Пап.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші