Қытайда алып жылан 18 келілік лақты жұта алмады (ВИДЕО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Қытайда алып жылан 18 келілік лақты жұта алмады (ВИДЕО)

01.08.2016, 09:45

Қытайдың шығысындағы Фуцзянь провинциясының тұрғындары фермаға жақын маңнан лақты жұта алмай жатқан алып жыланды тауып алды. Фермерлердің пікірінше, питонның асқазаны жемтігін қорыта алмай, салдарынан құсып жіберген. Бұл туралы The Mirror порталы жазды.

Фермердің айтуынша, соңғы 3-4 күнде оның екі бірдей лағы жоғалған. Бірақ, ол жануарларды жылан жеген деп мүлдем ойламапты. Ұрыны іздеймін деп жақын маңдағы орманға барған фермер құсып жатқан питонды көргенде өз көзіне өзі сенбегенін айтады. Питонның ұзындығы 5 метрді құраған.

Куәгерлер түсірген бейнекадрларда жылан аузынан лақтың жарты денесі салбырап шығып жатқанын анық көруге болады. Жануардың өлі немесе тірі екені белгісіз. Ал, ауыл тұрғындары болса жыланды өлтірмей, оны бостандыққа қоя берді.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші