ОҚО-да көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтті - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

ОҚО-да көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтті

29.09.2016, 15:31

Шымкент қаласындағы облыстық орыс драма театрында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдерінің республикалық фестивалі Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің XVIII республикалық байқауын өтті. Бқл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, тіл мәдениетін мен көркем әдебиетті насихаттау мақсатында ұйымдастырылған конкурсқа еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары (барлығы 16 үміткер) қатысты. Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер Оралхан Бөкейдің және басқа да елімізге белгілі, сөз өнеріміздің дамуына өзіндік үлес қосқан драматург, ақын-жазушыларымыздың кез-келген шығармаларынан үзінді оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау қатысушыларының жұмысы мен жеңімпаздарын зиялы қауым өкілдері мен ғалымдардан құралған қазылар алқасы бағалады.

Конкурс қорытындысы бойынша Бас жүлдені алматылық Қадыржан Сабырақын алса, І орынды Қостанай облысының тумасы Кәмел Айдана иеленді.  Ал жүлделі екінші орынды қарағандылық Нұртай Айсұлу үшінші орынды Солтүстік Қазақстан облысынан келген жас ақынымыз Хинай Ақмарал жеңіп алды. Сондай-ақ, аталған байқауда Оңтүстік Қазақстан облысынан қатысқан Мыңбай Бақыт ынталандыру сыйлығына ие болды. Барлық қатысушылар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші