Маңғыстау мектептерінде Абайтану клубтары ашылатын болды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Маңғыстау мектептерінде Абайтану клубтары ашылатын болды

03.09.2016, 14:13

Маңғыстау облысындағы 15 мектепте Ұлы Абайдың шығармашылығын тануға арналған клубтар ашылатын болады. Олардың алғашқысы бүгінде жұмысын бастап та кеткен. Мұнайлы ауданы Батыр ауылындағы орта мектепте ашылған клубтың атауы «Абай әлеміне саяхат» деп аталады.

Клубқа Абайдың «Қара сөздерінен» немесе өлеңдерінен қазақша, орысша және ағылшынша үзінділерді жатқа білетін оқушылар ғана мүше бола алады. Сондай-ақ, клуб мүшелері өзара түрлі сайыстарда бақ сынайды. Жарыстардың бәрі Абай шығармаларына негізделген. Ал, жеңімпаздар республикалық Абай оқуларына жолдама алмақ. Сонымен қатар, клуб мүшелері Абай өлеңдерінің жинақтарын әзірлеп, ұлы ақынның туған жеріне барып қайтуға мүмкіндік алады.

- Қазір облыстағы мектептердің барлығында «Абайтану» деген қосымша пән өткізіледі. Ал, Абай шығармашылығын тереңірек зерттеп, балаларға үйрету мақсатында біз «Абай әлеміне саяхат» атты клубтар құрып жатырмыз. Жоба авторы – қоғам қайраткері Сайын Назарбек. Ол кісінің жетекшілігімен жарты жыл бұрын Мұнайлы ауданындағы №10 мектепте алғашқы клуб ашылған болатын. Клуб мүшелері Абай шығармаларын үш тілде үлкен қызығушылықпен меңгеріп жатыр. Олар алдағы уақытта өзге оқушыларға үлгі болып, клуб қатарын толтыратынына сенімдіміз. Жаңа оқу жылынан бастап облыстың 15 мектебінде осындай клубтар өз жұмысынбастайтын болады, - дейді білім басқармасындағылар.

Сайын Назардың айтуынша, мұндай клубтарды ашуға Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшылары үлкен көмек көрсеткен. Қазіргі таңда ол ашқан №10 мектептегі клубта 32 оқушы бар екен.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші