Тілдарын-2016 олимпиадасынан мақтаралдық оқушылар жүлдемен оралды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Тілдарын-2016 олимпиадасынан мақтаралдық оқушылар жүлдемен оралды

12.11.2016, 07:42

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Астанадағы "Тілеп" қобыз сарайында үш тілді меңгерген жастарды анықтау және оларды қолдау мақсатында «Тілдарын-2016» олимпиадасы болып өткен болатын. Сайысқа Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында орналасқан ЖОМ жоғары сынып оқушылары қатысып, жүлдемен оралды. Бұл туралы Мақтарал аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Шараның мақсаты үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Қатысушылар 3 шарт бойынша өзара бақ сынасқан.

1. Үш тілде өзін-өзі таныстыру

2.Қазақ халқының салт-дәстүрлерінен бірін орыс тілінде айтып беру.

3. Мәтінді ағылшын тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жасау.

Жетісайлық қатысушылар барлық шарттарды сәтті орындап шықты. Әр жылғы өткізіліп жүрген сайыстарға қарағанда, қатысушылардың әлдеқайда жақсы дайындалғаны байқалды. Әділқазылар барынша әділ болды. Әділқазылар алқасының шешімімен М.Горький атындағы мектеп гимназиясының оқушысы Аман Ақтолқын І орынды, «Тұран» мектеп гимназиясының оқушысы Канал Нұргүл ІІ орынды,  №3 Ю.Гагарин атындағы ЖОМ оқушысы Шарап Ізет  ІІІ орынды иеленді.

Олимпиадаға қатысқан барлық қатысушылар орталық тарапынан алғыс хат, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші